Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллары бар сөмкені тауып алып, оны қазақстандық әйелге қайтарды – Бір үзік

Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS New York басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған.

Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

“Ричард – өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді”, – дейді сөмкенің иесі Тулемағанбетова.

Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге “Алтын адамның” мүсіншесін сыйлады.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz