Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке жақын орналасқан туристік орындар жабылады

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мен Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жиілеуін ескере отырып, ВАК демалыс күндері – 20-21 маусымда қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірлердегі бас санитарлық дәрігерлердің шешімдеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына жақын орналасқан туристік орындары жабылып, онда кіруге тыйым салынады.

Аталған өңірдегі демалыс орындарына барып алған туристерге әлеуметтік қашықтықты сақтау қатаң тапсырылды.