
30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.
“Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді”, – делінген хабарламада.