Нұр-Сұлтанда 56 инвестициялық нысанды іске асыру тоқтатылды

Бас қалада 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 56 инвестициялық нысанды іске асыру тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

“Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға сәйкес кем дегенде жылына 2 рет бекітілетін түбегейлі жоспарлау жобасына түзету енгізу туралы күшейтулер күшіне енді. Жаңа толықтырулар бойынша, құрылыс аяқталамын дегенше оның жоспарына өзгеріс енгізуге тыйым салынды. Себебі тыйым салынбаса соңында құрылыстың қарқыны мен елорданың эстетикалық тартымдылығына жағымсыз әсер етеді. Нәтижесінде түбегейлі жоспарлау жобасын түзетуге тыйым салатын түзетулер қабылданған соң тұрғын үй және коммерциялық алаңдарды енгізу көлемі қысқарғаны сезіледі”, – деді ол.

Сондай-ақ, құрылыс саласында инвестициялар көлемі едеуір қысқарды.

“Атап айтсам, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 56 инвестициялық нысанды іске асыру тоқтатылды. Пайдалануға енгізілмеген нысандардың жалпы саны 1,5 млн шаршы метрден асады. Оның ішінде 900 мың шаршы метрі – тұрғын үй. Жаңа түзетулерді қабылдауға байланысты халық пен бизнес өкілдері жоспарланған жобаларды іске асыру үшін бекітілген түбегейлі жоспарлау жобасын түзету мүмкіндігі туды. Бұл құрылысқа жаңа күш береді. Баспананы енгізу көлемі ұлғаяды. Және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді”, – деді Нұрлан Уранхаев баспасөз мәслихатында.