Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды деген ақпарат шықты

Желіде Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл мәліметті өзінің телеграмм-каналында Ербол Еділов жариялады.

Кей мәліметтер бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімі Асқар Есілов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, дейді ол.

Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеді. Әкімдіктегілер ресми ақпарат күтуде.