Нұр-Сұлтанда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: Жүргізуші жұмыстан шеттетілді – Тосын жай

Нұр-Сұлтанда №300 автобус Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты. Бұл туралы “Астана LRT” баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“№300 автобус Қорғалжын жолымен қалаға қарай бет алған. Жолда жеңіл автокөлік автобустың алдына шығып, күтпеген жерде тоқтай қалған. Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл автокөліктің артқы бөлігін соқты”, – деп хабарлады “Астана LRT” өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Басшылық шешімімен ол жұмыстан шеттетіліп, Біліктілік орталығына қайта білім алуға жіберіледі. Ол № 1 автопаркта 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жүргізуші ретінде 13 жыл тәжірибесі бар. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz