Нұр-Сұлтанда болған митингінің видеосы жарияланды

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда болған митингіге қатысты пікір білдірді.

ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода 9 маусымда елордада Республика даңғылында болған митинг түсірілген.

Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. “Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша”, – деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

kaz.tengrinews.kz