Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беріп кетті

ҚР Тұңғыш президентіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайындаорналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Назарбаев сайлау учаскесіне 10.20-де келді. Бюллетеніналып, дауыс беру кабинкасына кіріп кетті.

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіпжатыр. Дауыс беру 7.00-де басталып, жергілікті уақытпен20.00-ге дейін жалғасады.

ҚР ОСК сайлаушылар тізіміне 11 814 019 азамат енген.

Сайлау учаскелері 20.00-де жабылғаннан кейін дауыстардысанау басталады. Ол дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешікпейтін мерзімде аяқталуы тиіс.