Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, – деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда барлығы 52 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда – 22 адам, Нұр-Сұлтанда – 28, Қарағандыда – 2 адам.

Бұған дейін Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталған. COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан билігі 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.