Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 97 науқас тіркелді”, – делінген хабарламада.