Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір жаңа жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 33-жағдайы расталды, олардың ішінде Алматыда – 15 жағдай, Нұр-Сұлтанда – 18 жағдай тіркелді”, – делінген 17 наурыз күні сағат 19.00-де коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламада.

Осылайша Қазақстанда 33 адам коронавирус жұқтырды.