Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешімді әкім қабылдайды. Меніңше, коронавирус бойынша жағдайда ескеретін болсақ, төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін ұзартылуы мүмкін”, – деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин брифинг барысында.