Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өлімі: Қылмыстық іс тоқтатылды

Нұр-Сұлтан Полиця департаменті апалы-сіңлі бес қыздың өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі тоқтатқандарын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сараптама пешті тұрғызған кезде өрт қауіпсіздігіережелері бұзылғанын көрсетті. Уақытша үйдеотағасы өзі салған екен.

“Бес қыздың өліміне қатысты толық тергеужүргіздік. Сараптама жүргізіп, тергеуәрекеттерінен кейін аталмыш іс бойыншаөндірісті тоқтату шешімі шығарылды. Қылмыстық іс тоқтатылып, заңдылығынтексеру үшін бақылаушы органпрокуратураға жіберілді.

Өрт-техникалық сараптама жасадық. Оныңқорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігіережелерінің бұзылғандығын анықтадық. Уақытша үйді қыздардың әкесі өзі тұрғызған, олтөбе жабындысы мен пеш арасында қалқаорнатпаған“, – деді ПД тергеу бойыншабасшының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.

Осылайша, балалардың өліміне қатыстыәкелеріне ешқандай шара қолданылмайды.

Еске сала кетейік, елордада бұл жантүршігерлікоқиға төртінші ақпан күні болды. Өртсалдарынан бір үйдің бес қызы бірден ажалқұшты. Олардың кенжесі 2018 жылы өміргекелген.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңесөткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрынТөтенше жағдайлар департаментіқызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағықыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал 5-ші қаңтарда өртке оранған үйде ажалқұшқан апалысіңлілі қызды жер қойнынатапсырылды.

Сондай-ақ, жұрт еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайғадушар болған отбасыға көңіл айтты.