Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге келді

 ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды. Еске салайық, 6-7 қыркүйек күндері Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. «Іссапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» ұлттық павильонын аралайды және Мәскеудегі қала күні мерекесіне орай өтетін іс-шараларға қатысады», – деп мәлім етті Айдос Үкібай.

inform.kz