Нұрсұлтан Назарбаевқа әлем елдерінің көшбасшыларынан хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр – Ел жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін тоқтату туралы шешімінен кейін қазіргі және бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар төрағаларының атынан телеграммалар мен хаттар келіп түсіп жатыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Испания Королі Фелипе VI Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жөніндегі қызметінің нәтижелерін ерекше атап өтті.

“Мен сіздің бүгінгі еліміз болып табылатын қазіргі заманғы, әлеуметтік және көпконфессиялы мемлекет құру жөніндегі барлық күш – жігеріңізді мойындағым келеді, сондай-ақ Сіздің ұлы еліңіз бен Испанияңыздың арасындағы қарым-қатынасқа қосқан ерекше үлесіңіз үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді”, – делінген жеделхатта.

“Бүгінде Сіздің елдің заманауи, әлеуметтік және көпконфессионалды мемлекетке айналу жолында қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар, Сіздің Ұлы мемлекетіңізбен Испания арасында қарым-қатынастың орнығуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтқым келеді”, – делінген телеграммада. 

Монако князі Альбер II Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы және елдің Конституциялық Кеңесінің мүшесі ретіндегі одан арғы қызметіне табыс тіледі.

“Осы жағдайды пайдалана отырып, мен біздің ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймын және Монако князьдігі біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты толығымен қолдайтынын және оларды одан әрі тереңдетуге мүдделі екеніне сендіргім келеді”, – деп жазды Монако князі.

Армения Республикасының президенті Армен Саркисян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан мен Армения арасындағы одақтастық қатынастарды дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

“Өзіңіздің дана шешімдеріңізбен қазіргі Қазақстан жылнамасының алтын беттерін – экономикасы мықты, дені сау әлеуметтік қатынасы бар қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің, тату, ынтымақты халқы бар көпұлтты елдің, үздік білім мен тәрбиеге ие болып, туған елінің болашағына сеніммен қарайтын және оның бейбітшілігін абыроймен және мақтанышпен көрсететін қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің негізін қалаушы және авторы ретінде жазуды жалғастырасыз”, – делінген хатта.

Финляндия Республикасының президенті Саули Ниинисте өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті лауазымында болған кезеңде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткен екіжақты мемлекетаралық қатынастарға маңызды мән береді.

“Сіздің белсенді және көпқырлы қызметіңіз қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы үшін маңызды мәнге ие болды. Осы бағыттағы жемісті табыстар туралы құттықтауымды қабыл алыңыз”, – деді Саули Ниинисте.

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев өз жеделхатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи еңбегін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті лауазымында жұмыс істеген кезеңіндегі жемісті өзара іс-қимылы үшін ризашылығын білдірді.

“Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын достық, әріптестік және одақтастық қарым-қатынастарды нығайтуға Сіздің тұрақты назарда ұстайтыныңызды ерекше атап өткім келеді. Барлық мүше мемлекеттердің игілігі үшін табысты дамып келе жатқан Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы сіздің көшбасшылық рөліңізді жоғары бағалаймыз”, – делінген жеделхатта.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның өркендеуі мен қалыптасу ісіндегі басты рөлін атап өтті.

“Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен жақын ынтымақтастыққа әрдайым мән береді және сіздің ел басшысы лауазымындағы және Қазақстанның әртараптандырылған және ашық нарықтық экономикасын құру жолындағы жетістіктеріңізді ерекше бағалайды”, – делінген хатта.

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің экономикалық дамуы мен өсуіне, оның ішінде халықаралық саудаға белсенді қатысуының арқасында айтарлықтай прогресті қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалайды.

ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци өз жеделхатында Қазақстанның тәуелсіздікке ие болған және оның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы сәтінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемнен шетел инвестицияларын тартатын қолайлы және тұрақты климат құруға мүмкіндік берген шынайы көшбасшылық пен стратегиялық пайымды көрсеткенін атап өтті.

Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі, Еуразиялық зерттеулер институтының президенті Франко Фраттини өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі жолындағы қызметінің нәтижелері үшін шынайы құрмет білдірді.

“Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Орталық Азия мен Еуразиялық өңірдегі геосаяси үдерістер бейбіт және табысты дамыды. Қазақстанның және сіздің басшылығыңыздың маңыздылығы аймақтық және халықаралық ұйымдар аясында мойындалды”, -деп жазады Франко Фраттини.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингердің, РФ Федералдық Жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, “Сбербанк” АҚ президенті Герман Греф, Татарстан Республикасының Тұңғыш президенті Минтимер Шаймиев, Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуров, Омск облысының губернаторы Александр Бурков, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Татьяна Анодина мен РФ ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Дзасоховтың хаттарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның гүлденуіндегі ерекше рөлі және халықаралық аренадағы зор еңбегін атап өтіледі. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының баспасөз қызметінің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атына келіп түскен барлық хат-хабармен мұқият танысып, авторларға жылы сөздер мен шынайы тілектері үшін алғыс білдіргенін мәлімдеді. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz