Нығматулин Өзбекстан Президенті Мирзиёевпен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанғаресми сапар барысында осы елдің Президенті ШавкатМирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kzМәжілістіңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата Спикері Өзбекстан Президентіне ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың атынан ізгі сәлемін жеткізе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өзбек халқына және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға деген ерекшеықыласын атап өтті.

Кездесу барысында қос мемлекет арасындағы өзараықпалдастықты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелерінжан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Өзбекстанкөшбасшылары арасындағы барлық стратегиялықкелісімдерге заңнамалық қолдау көрсетуге дайын екендігінетоқталды.

– Осы бауырлас елде өткен барлық кездесулер Өзбекстанхалқының Қазақстанның Тұңғыш Президенті, ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше ниетін, ерекшеқұрметін көрсетті. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлының жәнеӨзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің салиқалысаясатының арқасында біздің елдеріміз қай салада болса да – экономика болсын, мәдени болсын, барлық жағынанжоғары дәрежеге жетті. Парламенттік байланыс та соныңнәтижесінде жаңа деңгейге көтерілді. Осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында бізөзбекстандық әріптестермен нақты келісімдер жасадық. Енді алдағы уақытта бірқатар бірлескен шараларды қолғаалатын боламыз, – деді Өзбекстандағы ресми сапарынқорытындылағанМәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин.