Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды,деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2-қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды, делінеді Нұрлан Нығматулиннің Twitter-інде.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын”, делінген ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімінде.