Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың борыш жүктемесі азайтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

Өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша мынадай жағдайларда:

1) аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, атаананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;

3) бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағыжағдай бойынша негізгі борышы мен оғанесептелген сыйақыдан тұратын өтелетінберешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойыншабіржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) банктерде және микроқаржы ұйымдарындакепілсіз тұтынушылық қарыздары бар  ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойыншаесептелген айыппұлдары мен өсімпұлдарынесептен шығару;

2) НұрСұлтан, АлматыШымкент қалаларыныңжәне облыстардың әкімдерімен бірлесіп ОсыЖарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралардықабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіөзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржыұйымдарының жауапкершілігін күшейтубойынша:

1) мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткенжеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылыққарыздары бойынша кредитті берумен және оғанқызмет көрсетумен байланысты  тұрақсыздықайыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдердіесептеуге тыйым салуды;

2) табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарғақарыздар беруге тыйым салуды; 

3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды берукезіндегі реттеудің қосымша шараларынкөздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шараларқабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауҚазақстан Республикасы ПрезидентініңӘкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.