Өңірлер арасында блокбекеттер қойылмайды – Тоғжанов

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлер арасында блокбекеттер қойылмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Кіру және шығу үшін ешқандай анықтамалар қажетт болмайды. Блоктар өңірлер арасында орнатылмайды. Бұрын айтылғандай, өңірлер арасындағы жолаушылар, автобус қатынасы тоқтатылады”, – деді Тоғжанов.

Еске салайық, бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.Қ азақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.