Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты – Тосын жай

Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты, – деп хабарлайды “Мой ГОРОД” басылымы.

Басылымның мәліметінше, өрт кеше, 14 наурызда шамамен сағат 07.00-де “Айгүл” базарының маңында болған.

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтығанын хабарлады.

“Төрт пәтерлі үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 8.10-да толықтай сөндірілді. Өрттің себебі, пәтерлердің иелері және төтенше жағдайға кінәлі адамдар анықталып жатыр”, – деді Ерлан Төрегелдиев.

Оқиға орнына 11 өртсөндіруші мен үш дана техника жұмылған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz