
Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасы басшының орынбасары кабинетінде асылып қалған, – деп хабарлайды “Мой ГОРОД”.
Полицияның мәліметінше, Кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасы ғимаратында ер адамның денесі табылғаны жайлы хабар кезекші бөлімге 5 наурызда шамамен сағат 21.00-де түскен.
“Кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының денесі қызметтік кабинетінде табылды. Өлімінің себебі – механикалық асфиксия. Ешқандай хат табылмады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады полициядағылар.
Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер ер адамның денесінде зорлық белгілері болмағанын айтты.
30 жастағы Хасен Тоясов бұл қызметке 2018 жылдың қазанында келген. Кәсіпкерлік басқармасындағылар бұл деректі растап, көңіл айтады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz