Оралман емес, қандас деген жарасады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “оралман” сөзінен бас тартуды тапсырды, деп хабарлайды tazael.kz

Оның орнына “қандас” сөзін пайдалануымыз керек.

– Мен бұрын айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты Оралман терминінен бас тартып, Қандас терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады, – деген жазба Президенттің twitter-інде жарияланды.