Өскеменде автовокзал маңынан адам сүйегі табылды – Тосын жай

Өскеменде автовокзал маңынан адамның бассүйегі мен сүйектері табылды, қазір сол жерде полиция тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін 11.00 шамасында полицияға автовокзал ауданындағы Абай даңғылында адамның сүйектері табылғаны жайлы хабар түскен. 

“Тасып әкелінген өнеркәсіптік топырақтан бассүйек пен сүйектер табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр”, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz