
Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 283 науқастан анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Өсім 4,6% құрады. Аймақтар бойынша:
Ақмола облысы – 1 (0.8%)
Алматы облысы – 3 (1.5%)
Атырау облысы – 86 (15,9%)
Жамбыл облысы – 2 (1.0%)
Батыс Қазақстан облысы – 13 (4.2%)
Қарағанды облысы – 18 (7,8%)
Қостанай облысы – 1 (1,3%)
Қызылорда облысы – 1 (0.4%)
Маңғыстау облысы – 8 (5,2%)
Павлодар облысы – 3 (1.9%)
Түркістан облысы – 19 (9,5%)
Солтүстік Қазақстан облысы – 2 (5.6%)
Алматы қаласы – 46 (2.6%)
Нұр Сұлтан қаласы – 20 (1.6%)
Шымкент қаласы – 60 (17,3%).
276 адам коронавирустан емделіп, ауруханадан босатылды.
Жалпы республикамызда КВИ бойынша 6 440 жағдай анықталды, емделіп, жазылғандардың жалпы саны 3 256 адамға дейін өсті, 34 науқас көз жұмды.