Пакьяо Бронерді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды – Бокс

Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) белбеуін сақтап қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл атаққа төрт дивизионда чемпион болған америкалық 29 жастағы Эдриен Бронер таласқан еді. 

Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті және АҚШ-тағы Showtime телеарнасы арқылы ақылы түрде көрсетілді. 

 Боксшылар толық 12 раунд бойы жұдырықтасты. Пакьяоның жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндігі болды. Соңында төрешілер жеңісі филиппинді боксшыға берді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz