Пакьяо: Мейвезер боксқа қайтып келемін десе, онымен жұдырықтасуға дайынмын – Бокс

Филиппин кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) бүгін Эдриен Бронермен жұдырықтасып, титулдық белбеуін сақтап қалды.

“Мен спорттық мансабым аяқталмағанына сенімдімін. Мен оны Лукас Маттисемен өткен жекпе-жекте және бүгін дәлелдедім. Бокстағы жолым әлі де жалғасады. Мейвезерге шаршы алаңға қайтып оралсын деңіздер, біз қайтадан жұдырықтасамыз. Ол қайтып келемін десе, мен жұдырықтасуға дайынмын”, – деді Пакьяо. 

Пакьо 2015 жылы жартылай орта салмақта WBC, WBO және WBA Super титулдары үшін Мейвезермен жекпе-жек өткізіп, жеңілістапқан еді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz