Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды – Тосын жай

Павлодарда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 19 ақпанда күннің екінші жартысында қалалық бес қабатты үйлердің бірінде болды. Бала ғимаратқа қосалқы салынған шатырға құлап, тірі қалды.

Куәгерлер түсірген видеода, бала әлде-қашан шатырдың үстінде тұр, аяғы жалаң, жеңіл киініп алған. Ер адам оны екінші қабаттан қолына алып, пәтерге кіргізеді. Осы уақытта дала температурасы нөлді көрсетіп тұрған. 

Сондай-ақ, кадрлардан ашық тұрған терезені көруге болады. Бала сол жерден құлаған. 

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылды. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, беті жараланған. 

“Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емді алып жатыр”, – деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қолда бар деректер бойынша, дерек Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Полицейлердің ақпараты бойынша, зардап шеккен баланың ата-аналарымен түсіндіру әңгіме жүргізілді. Бала құлаған кезде үйде әкесі мен анасы пәтерде болмаған. Былтыр желтоқсан айында бала екі жасқа толған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz