Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды – Ел жаңалықтары

Әсет Ирғалиев ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

“ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды”, – делінген хабарламада.  

Әсет Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне 2018 жылы қыркүйекте тағайындалған еді. 

Еске салайық, премьер-министрдің Кеңсесіне экс-министр Дархан Қалетаев жетекшілік етті.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz