Президент дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады”, – деді ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.