Президент көлік және мүлік салықтарының өсімпұлын кешіруді ұсынды – Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғаларға салық рақымшылығын жариялауды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгінде 1,3 миллион жеке тұлғаның көлік, мүлік және жер салығы бойынша қарыз бар. Бұл дегеніміз 17 миллиард теңге, оның 5 миллиарды өсімақы арқылы келген. Мен осыған дейін де айтқанмын және үкіметке жеке тұлғаларға осы 5 миллиард теңгені салық рақымшылығы ретінде қарастыруды тапсырдым. Әрине егер қарыз болған тұлға негізгі қарызын төлеген жағдайда”, – деді Президент кеңейтілген үкімет отырсында. 

Осыған дейін Мемлекет басшысы шағын әрі орта кәсіпкерлікке рақымшылық жасау туралы тапсырма берген еді. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz