Президент Қазақстан халқын еңбек күнімен құттықтады

2019 жылғы 29 қыркүйек 15:52Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.  «Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 22 қараша 2013 жылғы жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.