Президент республикалық “Айбын” әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

ҚР Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан “Айбын” республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.

Жақсы дәстүрге айналған “Айбын” әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң.

Әскери-патриоттық қозғалыстың басты мақсаты – Өздеріңіз сияқты жалынды жастардың басын қосып, ел дамуына қажетті маңызды жұмыстарға белсене араластыру, күш жұмылдыру. Отан үшін аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ мақсат,

Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы – біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар. Бұл құндылықтар – жастардың басты бағдарына айналуы тиіс.

Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.

Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын Ашық деп жариялаймын, – деді Мемлекет басшысы.