“Президент жастарға кеңес берді”. Назарбаевтың мұрағаттағы видеосы жарияланды – Ел жаңалықтары

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Телерадиокешені Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының қазақстандық жастарға арнаған ақыл-өсиеті түсірілген сұхбатты жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Жастарға айтатын бір сөзім бар – қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүние жүзінде жұмыс істейді. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? (…) Қазіргі жастарымыз дүние жүзінің азаматтары болды. Жас кезінен әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға – соған үйрену керек. Сонда ғана бізді сыйлайтын болады”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz