Қабыланнан жылдам. Ғаламшарда ең жылдам жаратылыс өрмекші деп танылды – Ғылым-Бiлiм

Джорджии техникалық институтының ғалымдары ең жылдам жаратылысты анықтады. Ол оңтүстік америкалық өрмекші екен, – деп хабарлайды МИР телеарнасы.

Оңтүстік америкалық өрмекші (Theridiosomatidae) бірнеше жыл бұрын кездейсоқ амазон джунглиінде табылған. Буын аяқтыға осындай есім ерекше өрмегі үшін қойылған. Ол конус тәріздес пішінге ие және созылмалы, оған қоса ол ұясының ішінде жасырынады. Өрмегіне түсіп қалған жәндікке, ол катапультадан атылған оқ тәрізді құрбанына ұшып келеді. Өрмек құрбанын бірден орап тастап, оның қарсыласуына мүмкіндік бермейді.

Ғалымдар осыны видеоға түсіріп, өрмекшінің ұшу жылдамдығын тексерген. Нәтижесінде, өрмекші секундына 4 метр жылдамдықпен ұшады екен. Ол дегеніміз сағатына 14 шақырым. Бастапқы ұшу кезінде олар 600 метр секунд шаршы жылдамдықпен, ал кейбір уақытта 1100 секунд шаршы жылдамдықпен ұшады.

Айта кетейік, 1 метр секунд шаршы дегеніміз, объект секундына бір метрге жылдамдық қосады. Салыстырмалы түрде қабыланның жылдамдығы 13 метр секунд шаршы шамасында.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz