Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі белгіленді – Бокс

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Астана күніне орай жекпе-жек өткізетін болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, бұл туралы боксшының өзі айтты.

Боксшының айтуынша, қазіргі таңда ол командасымен жекпе-жекке шығу мәселесін шешіп, дайындықты бастап, жаттығып жатыр. Кездесу Алматыда өтеді, қарсылас әзірше белгісіз.

Қанат Ислам осы күнге дейін кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. 20 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz