Қарағанды әуеайлағында ұшақ апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

Қарағанды әуежайында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты.

“Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуеайлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж – 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды”, – делінген ААК telegram-каналында.