Қарағанды облысында жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды – Тосын жай

8 наурызда Қарағанды облысы Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті Полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған.

“Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты баланың бапкері және жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне тексеріс жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды”, – деді полиция өкілдері.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болғанын айтты.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz