Қарағанды орталығындағы аялдамада ер адамдар төбелесті – Тосын жай

8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушылар автобус жүргізушісі мен кондукторға шабуыл жасаған. Оқиғаны телефон камерасына түсіріп, видео Желіде жарияланды. “Мереке құтты болсын арулар! Біздің серілер сіздердің ар-намыстарыңыз үшін күресіп жатыр”, – делінген Instagram желісіндегі vkaragande.kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында. 

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады.  

“Бұл 127-ші бағытында (“Шахан – Қарағанды” бағытында жүретін автобус – автор түсіндірмесі) жүретін қоғамдық көлік. Сылқия тойып алған екі ер адам таңғы 10-да автобусқа кірді, кондуктор оларға ескерту жасады. Олар ешбір сөз айтпастан, жұдырық ала жүгірді. Жол-жөнекей өтіп бара жатқандар мен жолаушылар оларды ажыратты. Жүргізуші мен кондуктордың еш кінәсі жоқ”, – деді оқиғаның куәгері. 

Қазіргі уақытта, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. “Осы дерекке қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіп жатыр”, – делінген облыстық полиция департаментінің өкілдері. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz