Қарағандыда атыс: екі адам жарақат алды

Қарағандыда белгісіз біреу атыс шығарып, екі адам зардап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті. Тәртіп сақшылары оқиға 9 маусымда болғанын растады.

“Белгісіз біреу сөзге келісіп, тіркеуде жоқ қарудан екі адамға оқ атқан. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – дейді Қарағанды облысы ПД департаменті өкілдері.

Полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының, 3-бөлігі бойынша іс қозғады.