Қашықтықтан оқыту жүйесі

Соңғы кезде короновирус пандемиясына байланысты қашықтықтан оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Осы жағдайға орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті толық қашықтықтан оқытуға кірісті.
Әлемдегі озық технологиялық білім беру жүйелерін игере отырып, осы тәсілмен оқыту жүзеге асырылды. Оқу процесін осы бағыттарға жедел көшіру ісінде Ұлттық университеттідегі IT қызметтері оқу орнын жаңа, сапалы, цифлық деңгейге жеткізе білді. 2020 жылдың 16- наурызынан бастап, оқыту жұмыстары – ақпараттық-білім беру Univer 2.0(univer.kaznu.kz) , Moodle(dl.kaznu.kz), және Open KazNU (open.kaznu.kz) жүйелері арқылы жүргізілді.
Филология және әлем тілдері факультеті шет тілдері кафедрасының оқытушылары қолдағы бар құрал-жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, қашықтықтан өткізетін сабақтарды сапалы өткізуге қол жеткізді. Бұл тәсілдер шындығына келгенде, өткізілген бейне-конференциялар аудиторияда өткізілген сабақтарға жақын еді. Электронды почта арқылы оқытушылар мен студенттер берілген тапсырмаларды, аудио-видио мағлұматтарды бір-бірімен алмасып отырды. Кафедраның барлық оқытушылары ұялы телефонның месенжерін пайдалана білді.
Қашықтықтан сабақ беру уақтылы жүргізіліп отырылды. Бұл шарада ҚазҰУ-нің сайтындағы материалдар өте көмектесті. Оқытушылар күнделікті сабақ беру барысында: Univer 2.0(univer.kaznu.kz) ,Microsoft Teams., Zoom., You Tube., Moodle(dl.kaznu.kz)., Open KazNU(open.kaznu.kz) платформаларын тиімді пайдаланды. Қашықтықтан оқыту ең алдымен, карантин кезіндегі сабақтарды өткізгенге өте қолайлы тәсіл екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту қосымша білім алуға, білімдерін жетілдіруге тиімді. Осы орайда, ұстаздар қауымының тілегі, жастар өз білімдерін жетілдіріп, еліміздің озық ойлы азаматтары болса екен дейді.
Ш.Б.Ғұмарова,
Л.Е.Страутман,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушылары.