Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали хабарлады.

– Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды араламақ. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастар және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланып отыр, – деді Берік Құрманғали.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты шараларға қатыспақ.

Zakon.kz