Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тіл туралы айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. 

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.