Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантин шараларын қабылдауға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді