Қазан айының соңғы күндері Қазақстанда қар жауады

Қазан айымен бірге аномальді жылу да аяқталуда, деп хабарлайды Zakon.kzҚазгидрометке сілтеме жасап.

Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды.

Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, содан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуымен және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.