Қазаққа бататын мәселе – “сайлау әділ өте ме”

Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауын жариялауы әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас туғызуда.

Журналист Болат Мүрсәлім facebook желісінде “Сайлау туралы” заңның біраз тұстарын түсіндіре келе, бар мәселе “сайлау әділ өте ме?” дегенге келіп тірелетінін меңзейді.

– “Сайлау туралы” заң бойынша “Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі болады” (55-бап, 1-тармақ).

Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы (55-бап, 3-тармақ).

Ал, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” заң бойынша “Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады” (2-бап).

Сондықтан, ЖСДП келіспесе, оппозиция де-юре өзге де ұйым атынан үміткер ұсына алады. Бірақ, мәселе “сайлау әділ өте ме?” дегенде ғой.

Заң баптарын нақтылап, сілтеме көрсеткен Абзал Құспанға рахмет!

Ал, енді кім президент болады? Сайлауға кім үміткер болады, – деген сауал тастайды ол.

 

Zakon.kz