Қазақстан мен Түркия әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Түркия бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізіп, бітімгершілік миссияларына қатысады, деп хабарлайды “Хабар 24“.

Бүгін Мәжіліс депутаттары екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауды көздейтін заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Бұл құжат күшіне енсе, қос мемлекеттің әскери қызметкерлері картография, гидрография, медициналық көмек салаларында байланыс орнатады.

Сондай-ақ бұл құжатта қазақстандық курсанттардың Түркияда әскери білімін жетілдіру қарастырылған. Мұндай мүмкіндік түрік тарапы үшін де жасалып отыр.