Қазақстан Президенті Нұрлан Нығматулинге бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды және заң жобаларының уақтылы қабылдануын сапалы әрі заңдық тұрғыдан сүйемелдеу қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.