Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды – Ел жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, “Ұлы дала елі” орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, “Астана” алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz