Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 400 жүк көлігі тұрып қалды

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 400 жүк көлігі тұрып қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай одақтас мемлекеттердің шартына қайшы келеді. Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эркин Арсандиев “Ақтілек Автокөлік” бақылау-өткізу бекетіндегі көшпелі кеңес кезінде айтты.

“Көп уақыттан бері Қазақстанмен шекарада мәселелер бар. Жағдай өткен жылдан бастап қиындады. Ал соңғы апталарда тіпті күрделенді. Мен Қазақстаннан Қырғызстанға шекарадан өтетін жүргізушілердің рәсімімен таныстым. Төлқұжат бақылауы, медицина қызметкерлері бақылауда ұстау үшін сауалнама толтыру, вирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру керек. Содан әрі жүк тасымалдаушы Қырғызстан шекарасында тестің нәтижесін күтеді. Шығу тәртібі де қиын емес. Ал қазақ тарапындағы рәсімдер жай өтеді”, – деді вице-премьер-министр.

Эркин Асрандиев Қырғызстан билігі мәселені шешу үшін ЕАЭО алаңында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

“Өкінішке қарай, одақтың ішкі шекараларындағы жағдай қиын. Сыртқы шекараларға қарағанда әлдеқайда күрделі. Біз былтырдан бері ЕАЭО регламенті аясында Алқаға жүгіндік, себебі жағдайды тосқауыл деп есептейміз. Міне бұл біздің одақ ішіндегі шартымызға қайшы. Жақын уақытта мәселе шешіледі деген үміттеміз”, – деп түйіндеді Асрандиев.