Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантин режимі қалай жеңілдеуі мүмкін?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер ететінін айтты.

Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:

– ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;

– Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

– Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;

– Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары.

Сондай-ақ:

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;

– Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда – үш адамнан аспайтын топтарға;

– Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Алайда келесі шараларға тыйым салынады:

– жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;

– мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;

– мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады;

– спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;

– діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.